Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 жылдың 17 наурызында сағат 11.00-де ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында Қазақстан тарих ғылымының даму тұжырымдама жобасын талқылау, 7 томдық академиялық басылымды әзірлеу және жазу мәселелері бойынша республикалық онлайн методологиялық семинар-кеңес өткізетінін хабарлайды.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында көпғасырлық Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі баса айтылған болатын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлы Даланың тарихы тұтастай және жекелеген аса маңызды сақ, ғұн, Түрік қағанаты мен Ұлық Ұлыстан Қазақ хандығы, Ресей империясы және кеңес одағы кезеңдерін қамти отырып жаңа көзқарастар тұрғысынан ұғындырылуға тиісті. Бүгінгі таңда Отан тарихының өзекті мәселелері мен оқиғаларын тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарастыру, мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік шекараның қалыптасуын, Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму ерекшеліктерін, Ұлы дала халықтарының әлемдік өркениет пен мәдениетке қосқан үлестерін анықтау қажеттілігі туындады. Осы орайда ұлттық тарихтың алдында тұрған маңызды мәселелерді обьективті түрде ғылыми қауымның күшімен түсіндіру үшін Мемлекет басшысы ғалымдар алдына Қазақстан тарихы 7 томдық академиялық басылымын дайындау міндетін қойған болатын.

Ақпараттық хат 17.03.2021

Яндекс.Метрика