Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті мәселелері

2021 жылдың 17 наурызында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе отырып көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік және экономикалық реформалар: тарихы және қорытындылары;

– Тәуелсіз Қазақстанда орын алған мәдени және рухани өзгерістер: жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз;

– Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы. Мемлекеттік билік органдарындағы қайта құрулар мен жаңалықтар;

– Қазақстан Республикасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және халықтың тарихи санасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру барысы;

– Қазақстан Республикасындағы ғылым және оның өзекті мәселелері. Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және ғылымдағы сабақтастық.

 

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика