Қабылдау комиссияларының байланыстары

Докторантураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 шілдеде басталады

Докторантураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 шілдеде басталады

  • Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Докторантураның білім беру бағдарламаларына түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.
  • Биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест тапсырады және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.
  • Докторантураға түсу үшін қабылдау емтиханы тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электрондық форматта өтеді. Докторантураға түсетіндер ЖОО-лар бекіткен тақырыптар бойынша эссе жазады. Қабылдау емтиханының қорытынды бағасы – эссені, докторантурада мамандандырылған емтихандарда оқуға дайындықты тексеру нәтижелерін бағалау нәтижелері бойынша алынған баллдар жиынтығы.

Докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі

  • Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады.
  • Назарыңызды аударыңыз, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

@edu_news_qz

Яндекс.Метрика