Қабылдау комиссияларының байланыстары

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 маусымда басталады

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 2021 жылдың 1 маусымда басталады

  • Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш  ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі.
  • Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі

  • Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.
  • Назарыңызды аударыңыз, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

@edu_news_qz

Яндекс.Метрика