Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері мен магистранттарының V ғылым апталығының іс-шаралар бағдарламасы

Қазақ ұлттық хореография академиясында 2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында бакалавриат және магистратура студенттерінің V ЖОО ішіндегі ғылым апталығы өтеді.
Ғылым апталығының бірінші күні білім алушылардың «Мәдениет пен өнердегі көрнекті тұлғалардың өмірі» тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық еңбектеріне арналады, онда Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратованың, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік балеттің Айгүл Тәти, Людмила Жуйкова, Дэвид Огилви, Николай Цискаридзе, Татьяна Тен, Айгүл Құлбекова, Светлана Кокшинова, Айтолқын Тұрғынбаева, Мұрат және Майра Тукеевтер және т. б. көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығы туралы баяндамалар оқылады.

Екінші күні ZOOM платформасында «Science slam – үздік постерлік баяндама» іс-шарасы өтеді. 2 курс магистранттары «Көркемдік би ұжымдарындағы қоюшы хореографтың қызметі», «Қазақстандағы хореография педагогикасының ғылыми-әдістемелік негіздері», «Этно-көркем тәрбие ¬- қосымша білім беру мекемелерінде балаларды хореографиялық даярлаудың аспектісі», «Жібек жолы елдерінің мәдени полилогы аспектісіндегі би дәстүрлері», «Жас балет әртістерінің театрлық ортада кәсіби бейімделу диагностикасы» тақырыптарындағы жобаларды ұсынады.

Ғылым апталығының үшінші күні «Феникстер» өнер факультеті мен «Жастар ғасырыә хореография факультетінің командалары қатысатын «Қазіргі білім берудегі интернетті насихаттау: қолдау және қарсы алу» пікірсайыс клубының отырысы ашылады.

Төртінші күні, 14 сәуірде Академия University of Wisconsin-Madison университетімен «АҚШ-Қазақстан – Қазақ биінің тарихы» тақырыбында телекөпір өткізеді. 1 курс докторанты Анель Мурзагулова мен 2 курс магистранты Ажар Ақылбекова қазіргі қазақ би өнерінің даму тенденциялары мен қазақ биінің лексикасы туралы баяндайды, ал өз кезегінде американдық ЖОО студенттері зерттеу жүргізу және мақала жазу әдіснамасымен бөліседі.

Бесінші күні профессор Саитова Гульнара Юсуповна «Шығыс халықтарының дәстүрлі би мектебі: аксессуарларды меңгеру техникасы» онлайн шеберлік сыныбын өткізеді, сонымен қатар белгілі балет қайраткері, Б. Эйфман би академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Фомкин Алексей Викторович «Хореографтарға арналған психология мәселелері» тақырыбында ашық онлайн дәріс өткізеді. Көрсетілімдерді трансляциялау.

Ғылым апталығының соңғы күні аға оқытушы Садыкова Анвара Ариповна Science Cafe аясында онлайн кездесу өткізеді, әңгіме «Қазақ биінің педагогтары» тақырыбына арналады, сондай-ақ 15:00-де Академияның YouTube каналында ғылым апталығының ресми жабылуы өтеді.
Айта кетейік, Ғылым апталығы Академияның бакалавриат және магистратура студенттеріне хореография өнерінің теориясы мен практикасында жаңа білім алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама Ғылыми апталық – 12-16 сәуір 2021

Яндекс.Метрика