Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Қазақ биі» пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері тақырыбында республикалық семинар өтеді

Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасы «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ биі» пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізгелі отыр.

Семинар 2022 жыл сәуірдің 26 күні сағат 10.00 (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен) ZOOM платформасы арқылы өтеді.
Семинардың мақсаты – республикамыздың аймақтарындағы оқу орындарында қазақ биінен сабақ беріп жүрген оқытушыларға практикалық көмек көрсету.
Семинар спикерлері: өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы Анвара Садықова және өнертану магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы Алмат Шәмшиев. Аталмыш спикерлер бүгінгі Қазақстан хореография өнері, соның ішінде қазақ биінен сабақ беріп, сахналық қойылымдарды сәтті іске асырып жүрген хореограф-балетмейстерлер.

Республикалық семинарға қосылу үшін ақпарат:
Идентификатор; 302 093 1700;
Код: 1234567.

Яндекс.Метрика