Қабылдау комиссияларының байланыстары

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ОҚУЛАРЫ-13

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тарих кафедрасының базасында 2023 жылдың 29 наурызында дәстүрлі «Өзбекәлі Жәнібеков оқулары-13» атты ХIІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция онлайн форматында өтеді. Конференция материалдарының жинағы электронды нұсқада (PDF форматында) таратылады.

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады: 

  • Өзбекәлі Жәнібеков – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, этнолог-ғалым
  • «Ұлы Даланың жеті қыры» және қазақ руханияты
  • Тарих және этнология
  • Археология және музейтану
  • Филология
  • Әлеуметтану ғылымдары
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар.

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сай рәсімделуі қажет:

  1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
  2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
  3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
  4. Қатараралық интервал – бірлік.
  5. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
  6. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
  7. Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі болуы міндетті.
  8. Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика