Қабылдау комиссияларының байланыстары

XXI ғасыр: ғылым және инновация

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023 жылдың 07 сәуір күні «XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Техникалық ғылымдарды дамытудың басым бағыттары
2. Қазіргі жаратылыстану: жай-күйді талдау және даму перспективалары
3. Құқық, экономика және басқарудың өзекті мәселелері
4. Білім зерттеу нысаны ретінде
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу тәртібі:
Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.
Конференцияға ұсынылған баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Баяндаманың электрондық нұсқасы (жұмыстың бағытын көрсетіп) келесі электрондық поштаға жіберілуі керек conference.zhu@gmail.com. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген, басқа электрондық поштаға жіберілген материалдар қаралмайды, сондай-ақ, мақаланың қабылданғаны расталғанға дейін төленген ақша авторға қайтарылмайды.
Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген JPEG (JPG) немесе PDF форматындағы нұсқасы электронды пошта арқылы ұсынылады. Төлем мақаланы жариялауға қабылдағаннан кейін (оң жауап алғаннан кейін) ұйымның есеп шотына жүзеге асырылады.

Ақпараттық хат конф. 07.04.2023
Шаблон постерного доклада

Яндекс.Метрика