Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМНЕН КЕЙІНГІ ӨНЕР: МЕТАДӘСТҮРДЕН МЕТАМӘДЕНИЕТКЕ ДЕЙІН

2 желтоқсан 2024 жыл 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМНЕН КЕЙІНГІ ӨНЕР: МЕТАДӘСТҮРДЕН МЕТАМӘДЕНИЕТКЕ ДЕЙІН 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай

Қазіргі заманғы өнер классика мен жаңа шығармашылық формалар, этникалық және жаһандық, нақты және виртуалды әлем сияқты әртүрлі әсерлер мен бағыттар арқылы байланысуда. Музыка музыкалық жанрлар шегінен шығып, визуалды және дыбыстық элементтерді біріктіре отырып, кино мен бейнелеу өнеріндегі, театрдағы көркемдік дизайнның маңызды бөлігіне айналуда. Қазіргі уақытта өнер қайраткері уақыттың, дәстүрдің, өнер мен мәдениеттің өзара синхронды және диахрондық түйісуінде қызмет етуде. Ол «мета –» түбірімен жаңа шындықты құруға белсенді қатысады. Шығармашылық ортаны жасаушылар мен орындаушылардың, ақпарат пен оны жеткізушілердің өзара бірігу тәсілдерін тез өзгертетін технологиялық прогресс жеке қызығушылық тудырады. Осы арқылы  өнердің жаңа ағымдар мен шындықтарға иа бола отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлермен терең байланысты қалай жоғалтпауға болады деген мәселелер өнер саласындағы білімге айрықша міндет жүктейді. Өз  айналасында жаңа тенденциялар мен шындықтарды қосқанда, өнердің, дәстүрлер мен мәдениеттердің өзара әрекеттестігі және оның қазіргі білім берудегі көрінісі біздің конференциямыздың жұмыс бағыттарының негізіндегі көптеген мәселелерді тудырады:

  1. Музыка мен мәдениеттегі метамодерн: жаңа тәсілдер мен түсіндірмелер.
  2. Жаһандық әлемнен кейінгі өнер және оның музыкалық мұра мен мәдени бірегейлікке әсері.
  3. Инновациялар мен дәстүрлер: метамодерн дәуіріндегі музыкалық білім.
  4. Сандық дәуірдегі музыка: технологияның шығармашылық пен қабылдауға әсері.
  5. Жаһандық сын-қатерлер және жергілікті шешімдер: Музыка мәдени дипломатияның құралы ретінде.
  6. Қазақ музыкасы метамодерн контекстінде: дәстүрлер мен инновациялар.
  7. Метамодернизм контекстіндегі дәстүрлі, академиялық және бұқаралық музыка.
  8. Музыкалық менеджмент және цифрландыру: қазіргі заманғы өнердегі қиындықтар.

Бұл мәселелер ойлау бағытын айқындайды, бірақ оны шектемейді. Мерейтойлық конференция аясында сессиялық отырыстар мен концерт өтеді. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс. Баяндама түрінде немесе концертте шығармашылық нөмір түрінде қатысуға болады.

Ақпараттық хат конференция желтоқсан 2024

Яндекс.Метрика