Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушысы Италияда шеберлік сабақтарын өткізуде

Италияның Ұлттық би академиясымен (Рим) ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері, оқытушы-хореограф Айтолқын Тұрғынбаева және халықаралық бөлімнің маманы Аяулым Төребекова халықаралық Эразмус+ бағдарламасы бойынша Рим қаласына келді.

6-15 маусым күндері сапар аясында Айтолқын Тұрғынбаева жоғарыда аталған оқу орнының студенттеріне классикалық мұра бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. А.Тұрғынбаеваның шеберлік сабақтарында Рим академиясының студенттері атақты балет қойылымдарының вариацияларымен танысады.

Erasmus+ – білім беру жүйесін, кәсіптік оқытуды, жастар саясаты мен спортты жаңғырту мен тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Бұл бағдарламаға қатысушы басқа елде оқу, тағылымдамадан өту немесе сабақ беру мүмкіндігін қоса алғанда, Еуропа елдері мен дүние жүзіндегі серіктес елдер арасындағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер береді.

Яндекс.Метрика