Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия түлектері мен ұстаздардың игі істер легі

18 мамыр күні Қазақ ұлттық хореография академиясының түлектері мен қызметкерлері бірлесіп, дәстүр бойынша ағаш отырғызу рәсімін өткізіп, игі істің басынан табылды. Түлектер биыл сирень ағашымен жылдағы үрдіс бойынша академия ауласын көгалдандыруға үлестерін қосып, «Түлектер аллеясында» өз қолтаңбаларын қалдырды. Шара тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, хореография және өнер факультеті, сондай-ақ декандардың белсенділік танытуымен жүзеге асты.

Студенттер өз оқу орындарына алғыстарын өнегелі ісімен білдіруі – қалыптасқан үрдіс. Әрбір отырғызылған жасыл-желек қасына түлектер оқуды бітірген жылы жазылған белгілер қойылады. Бұл дәстүр одан әрі жалғасын тауып, саябақ жасыл желекке толарына еш күмән жоқ.

 «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген халқымызда даналық сөз бар. Оқу орнымыздың өнегелі ісін жалғап жүрген түлектерімізге алдағы үлкен өмір жолында сәт-сапар тілеп, алысқа қаққан қанаттарыңыз талмасын деген ниеттеміз.

Яндекс.Метрика