Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда алдағы референдумды талқылауға арналған соңғы жиын өтті

20 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясында алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумды талқылауға арналған қорытынды жиын өтті. Соңғы жиынға академияның жұмысшы қызметкерлер құрамы қатысты.
Кездесуде болған қызметкерлерге еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, түзетулер «суперпрезиденттік» басқару нысанынан ықпалды парламенті және оған есеп беруші үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекіту мақсатында әзірленгені атап өтілді.

Яндекс.Метрика