Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Көңілді старт» эстафетасы өтті

6 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясында 1-4 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Көңілді старт» отбасылық эстафетасы өтті. Іс-шара Қазақстандағы Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.

Эстафетаны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, сондай-ақ балалардың сынып жетекшілері дайындады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың бойында жолдастық сезімін, өзара көмек, шығармашылық ойлау мен салауатты бәсекелестік рухын тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Жарыста жеңіске жеткен команда дипломмен және ауыспалы кубокпен марапатталды. Сонымен қатар, барлық командалар түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.

Яндекс.Метрика