Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Библиосумерки – 2022» акциясы өтті

Көптен күткен «Библиосумерки-2022» акциясы 4 мамыр күні Хореография академиясының кітапханасында өтті. Шараға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара кітапханалық квест түрінде өтті.

Акцияда «Шифрланған әріптер» квест-ойыны, «Ертегі пазлдары» сайысы, «Эрудиттер бөлмесіндегі»  әдеби сайыс, театр байқауы ұйымдастырылды. 

«Гримёрка» театр аймағында мереке қонақтары аквагримнің көмегімен түрлі образдарда өздерін сынап көрді.

Осыдан кейін ең  қызықтысы басталды: оқушылар  әр түрлі сайыстарға қатысты, олардың негізгі тақырыбы, әрине, кітаптар болды.  Қатысушылар тамаша білім, ынта мен белсенділік танытты. «Театр станциясы» шығармашылық алаңында қатысушылар ертегілерден шағын көріністер қойды.

«Библиосумерки-2022» мектеп-колледж оқушыларының жалынды флеш-мобымен аяқталды.

«Библиосумерки – 2022» кітапханадағы ерекше кеш ретінде акция қонақтары мен қатысушыларының есінде қалады және әрбір қатысушы кітапхананың нағыз мәдени орталық, қызықты, танымдық және шығармашылық кездесулер орны екеніне  көз жеткізді деп ойлаймыз!

Яндекс.Метрика