Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Библиосумерки – 2022»: Академия оқушыларына арналған кітап сиқыры

4 мамыр күні Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында көптен күткен «Библиосумерки – 2022» акциясы өтеді.

Академия үшін дәстүрге айналған іс-шараны кітапхана қызметкерлері 5-7 сынып оқушылары үшін өткізеді. Іс-шара қызықты ойындар мен байқаулар форматында өтеді.

Ағымдағы жылы іс-шараның бағдарламасына «Шифрланған әріптер» квест-ойыны, театр конкурсы және «Ертегі пазлдары» конкурсы, сондай-ақ «Эрудиттер бөлмесі»  және «Қазына бөлмесі» кіреді. Сонымен қатар, балалар үшін аквагрим және фотосессия ұйымдастырылады.

Басталуы: 4 мамыр, сағат 19.00.

Өтетін орны: Академия кітапханасы.

Яндекс.Метрика