Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның бракераж комиссиясының жұмысы

2022 жылғы 6 қазан, бейсенбіде хореография академиясының асханасында кәсіптік білім беретін мектеп-колледж оқушыларының ата-аналарына арналған дәстүрлі түскі ас дәмін тату шарасы өткізілді.

Дәм тату іс-шарасын медицина ғылымдарының кандидаты, Академияның диетологы Светлана Шайкенова және асхана өндірісінің меңгерушісі Орынкүл Әміргазина жүргізді. Мамандар ата-аналардың тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Білім алушылардың ата-аналары тағамдардың дәмдік қасиеттерін оң бағалады. Диетолог Светлана Шайкенова Академия тәрбиеленушілерінің – болашақ балет әртістерінің дұрыс тамақтануы бойынша жан-жақты кәсіби ұсыныстар берді.

Яндекс.Метрика