Қабылдау комиссияларының байланыстары

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ КӨСЕМІ

Шәкәрім университеті 2022 жылдың 18 қазанында өтетін ұлтымыздың рухани көсемі, ағартушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ КӨСЕМІ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1-секция. А. Байтұрсынов – қазақтың ұлттық ғылымының негізін қалаушы.
2-секция. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және ұлттық құндылықтар.
3-секция. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесінің реформаторы. 4-секция. Қазақ ұлттық ренессансы және Ахмет Байтұрсынұлы.
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және колледж, мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 12 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:
− белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
− талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама.
Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы: baitursynov.conf22@mail.ru
Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады.

Инф. письмо А. Байтурсынов.2022г

Яндекс.Метрика