Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қашықтықтан оқыту форматында куратор жұмысын ұйымдастыру» семинар-тренингі

2020 жылғы 17 қыркүйекте тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Қашықтықтан оқыту форматында куратор жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында Кәсіби білім беру колледжі мен ЖОО академиялық топтарының кураторларымен онлайн режимінде семинар-тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: кураторларға психологиялық қолдау көрсету, куратор жұмысын қашықтан оқыту форматында ұйымдастыруға арналған ұсыныстармен таныстыру.

Оқыту процесінің қашықтықтан оқыту форматына көшуінің бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қашықтықтан оқыту форматын ұйымдастырудың қиындықтарына техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, жұмысқа бейімделудегі қиындықтар, үнемі назар аударуды қажет ететін үйдегі отбасы мүшелері жатады. Күрт өзгерген еңбек жағдайлары, жағдайдың белгісіздігі, сайып келгенде, білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында мазасыздықтың күшеюіне әкеледі. Қашықтықтан оқытудағы қиындықтарға студенттермен қарым-қатынас процесінің жанамалылығы жатады. Қашықтықтан оқыту кезінде куратор көбінесе қарым-қатынастың бейсезімдік компоненттерін, студенттің мазасыздығын бақылай алмайды. Оқу мотивациясының төмендеуі де оқу процесін жақсартуға септігін тигізбейді.  Куратор оқу процесісінің маңызды буыны болғандықтан, осы тренингте куратордың студенттермен жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Семинар-тренинг барысында қашықтан жүргізілетін жұмысқа психологиялық бейімделу, қашықтықтан оқыту форматындағы топпен жұмысты жақсарту, студенттер кездестіретін бірқатар мәселелер және оларға топ кураторлары қалай көмектесе алатындығы туралы ұсыныстар берілді. Бірінші курс студенттерімен жұмыс кезінде туындауы мүмкін мәселелерге де назар аударылды. Тренингтің соңында кураторларға студенттермен жұмыс жасау бойынша ұсыныстары бар қосымша материалдар берілді: қауіп-қатер тобындағы студенттермен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар, жақындаған жанжалдан шығу жолдарының жадынамасы, қашықтықтан білім беру жағдайында педагогтарға психологиялық көмек туралы жадынама.

Яндекс.Метрика