Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясының 2019-2020 оқу жылындағы қызметі туралы ректордың есебі

Бүгін, 2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмуратованың халықпен онлайн есеп беру кездесуі өтті. Көрсетілім тікелей эфирде ZOOM платформасында, сондай-ақ Академияның YouTube және Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында өтті.

Ректор сөз басында Қазақ ұлттық хореография академиясы еліміздің жетекші хореографиялық оқу орны болып табылатынын және Академияның  алдында стратегиялық маңызды көп деңгейлі міндет тұрғанын атап өтті: әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім беру мекемесінің бірегей моделін құру. 

Есепті жылда Қазақ ұлттық хореография академиясы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінде маңызды халықаралық институционалдық аккредиттеу процедурасынан өтті. Агенттік Академия қызметін жоғары бағалап, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін растады. Сонымен қатар, сарапшылар Академияның зияткерлік, шығармашылық, рухани және инновациялық әлеуетіне жоғары баға беріп, аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша оң қорытынды жасады.» – деп атап көрсетті Алтынай Асылмуратова.    

Кездесу барысында 2019-2020 оқу жылындағы жұмыс қорытындыланып, Академия тәрбиеленушілері мен педагогтарының жетістіктері мен жеңістері атап өтілді, сондай-ақ білім беру процесін, халықаралық ынтымақтастықты  және оқу орны  қызметінің басқа да маңызды бағыттарын одан әрі дамыту жоспарлары баяндалды.  

Ректор Алтынай Асылмуратованың Қазақ ұлттық хореография академиясының 2019-2020 оқу жылындағы қызметі туралы есебі

YouTube арнасына сілтеме

Яндекс.Метрика