Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында вокалдық жинақтың тұсаукесері өтті

Академияның акт залында “Астанаға арнау” вокалдық жинағының салтанатты тұсаукесері өтті.  Шығармашылық басылымның авторы-Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Айсұлу Тани. Композитор бола отырып, ол әртүрлі вокалдық жинақтар мен музыкалық оқулықтарға енген үш жүзге жуық шығарма жазды.

Балаларға арнап жазған шығармаларым көп, барлығы 6 жинақ шығардым. Бұл академиялық вокал үшін арнайы жасалған алғашқы жинағым. Кітаптың шолушысы – профессор Азамат Жылтыргузов, музыкалық редакторы – Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Әсел Дәуренбекова. Жинақты 100 данадан басып шығардық. Электронды нұсқасы да бар, қажет болса, басқа оқу орындарына да береміз, деп бөлісті авторы Айсұлу Тәни.

Бұл күні сахнада «Астана Опера» театры мен Халықаралық опера академиясы солистерінің орындауында көптеген төл туындылар орындалып, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары да концертмейстер ретінде өнер көрсетті. Кітапқа халық әнінен бастап, майдан даласына дейінгі түрлі тақырыптағы вокалдық шығармалар енгізілген. Жинақ 2009 жылдан бергі автордың шығармаларын қамтиды, оған 15 шығарма кірді.

Лента қию құрметі Қазақ ұлттық академиясының ректорлары Бибігүл Нүсіпжанова мен Азамат Жылтырғызовқа табыс етілді. Тұсаукесер соңында автор бірнеше данасын академияның кітапхана қорына сыйға тартты.

Яндекс.Метрика