Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Қазақстандағы оқиғалар: сабақтар мен қорытындылар» бірлескен сұхбат алаңы

2022 жылдың 18 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлескен «Қазақстандағы оқиғалар: сабақтар мен қорытындылар» тақырыбында сұхбат өтті.

Іс-шараның мақсаты: азаматтық-патриоттық тәрбие беру, жастар арасында саяси және құқықтық сауаттылықты арттыру. Спикер ретінде: саясаттанушы, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының м.а., п.ғ.д., профессор Әмірбеков Ш.А.; ф.ғ.д., профессор Әлімжанова А.Ш.; ф.ғ.к. Божанбаев Б.Н., Академияның құқықтану оқытушысы, т.ғ.к., доцент Әубәкірова Х.А. сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер Қазақстанның геосаяси жағдайын анықтайтын елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, студенттер қауымының республикадағы саяси және экономикалық әлеует және Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы сұрақтарына жауап берді.

Яндекс.Метрика