Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рим би академиясының ұстаздарымен сабақ

​Ү.ж. 19 сәуірден 5 мамыр аралығында Рим қаласының ұлттық би академиясы (Италия) Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері үшін ERASMUS + жобасы аясында Graham техникасы бойынша онлайн курс өткізеді. Сабақтар ZOOM платформасында аптасына 2 рет сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін өткізіледі. Студенттерге арналған курсты Рим би академиясының профессоры Франческа ля Кава және концертмейстер Флавио Перкосолидо өткізеді. Барлық сабақтар аяқталғаннан кейін дәрістерді қалдырмай қатысқан қатысушылар курстан өткені туралы сертификат алады.
​Тіркелу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласу керек, тел.: 79-08-55.

Яндекс.Метрика