Қабылдау комиссияларының байланыстары

Білім берудегі өзекті мəселелер мен заманауи технологиялар

Есенов университеті сіздерді «Рухани Жаңғыру» білім беру мектебінің жоспары аясында өткізілетін «Білім берудегі өзекті мəселелер мен заманауи технологиялар» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Уақыты: 30 сəуір 2021 ж
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Есенов университеті
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс жəне ағылшын.
Негізгі мақсат: білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективаларын анықтау жəне талдау
Тапсырмалар:
1. Қазақстан Республикасы аумағында білім беруді дамытудың кең ауқымды мəселелерін талқылау;
2. Педагогикалық кадрлардың кəсіби дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мəселелерді талқылау;
3. Білім беру қызметін жетілдіру мақсатында құзыретті ұйымдармен өзара əрекеттесу арқылы білім саласындағы өзекті ақпарат, ғылыми білім жəне практикалық тəжірибемен алмасу.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика