Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өркендеудің жаңа бағыттары

Ел Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі кезекті Жолдауы –  мемлекетіміздің өркендеуіне, тұрақтылығын нығайтуға жасалған аса маңызды қадам. Әрі әлеуметтік мазмұны бойынша да, экономикалық стратегиясы бойынша да ерекше құжат деп айтуға болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономикалық дамуға  алып келетін жаңа шараларды ұсынды. Бұл бағдарламалық құжатта шағын және орта бизнестің мүдделері мен даму бағыттарын қозғап, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Пандемиядан туындаған дағдарыс бізге көп нәрсе үйреткендігін, дәрігер мен мұғалімнің жұмысын бағалауға  шақырды.  Мемлекет басшысы Үкіметке бюджетті нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемесін төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Жанқиярлық еңбегі үшін дәрігерлер ерекше қолдауға лайық екендігін ерекше атап өтті.

Аграрлық секторды қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеуге, тамақ, тоқыма өнеркәсібін дамытуға, құрылыс материалдарын өндіруге, әлеуметтік қызметкерлер жалақысын көтеруге тапсырма берді.

Еліміздің әрбір азаматы осы стратегиялық құжатты зерделеп, оны іске асыруға тікелей қатысуға шақырамыз.

Қазақ ұлттық хореография академиясы ұжымы

Яндекс.Метрика