Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бибігүл Нүсіпжанова: Мемлекет басшысының жолдауы Қазақстандық қоғам өмірінің маңызды аспектілерін қозғады

Пандемия халықтың өмір сүру салты мен деңгейіне қатты әсер етті, дәл қазір халық мемлекеттің қолдауы мен қорғауына мұқтаж болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі адамдардың өз проблемаларымен жалғыз қалмайтынын көрсетті. Таяу уақытта экономикалық және әлеуметтік салалардағы ахуалды жақсарту үшін шаралар қабылданатын болады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Президент жолдауы қазіргі заманғы білім беру, атап айтқанда, жаңа мектептер салу, педагогтарды материалдық көтермелеу, олардың біліктілігін арттыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру, тегін техникалық және кәсіптік білім берумен толық қамту және тағы басқа мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Әрине, бұл реформалар дер кезінде қажет, өйткені олар Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға көмектеседі.

Қазақ ұлттық хореография академиясы сапалы білім беруге ерекше көңіл бөледі. Орталық Азиядағы көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім беретін бірден-бір оқу орны бола отырып, біз өзімізге жүктелген барлық жауапкершілікті сезінеміз. Біздің тәрбиеленушілеріміз қазақстандық өнерді бүкіл әлемге танытып, педагогтардың құлшынысы мен кәсіпқойлығының арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Осыған орай, дарынды балаларды қолдау туралы мәлімдеме ерекше қуантады. Оларға жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурстан тыс негізде гранттар беріліп, біржолғы ақшалай сыйлықақылар төленетіні атап өтілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы үш жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы өсетінін атап өтті. Мұғалімдер ел басшылығының қолдауы мен мойындауын аса бағалайды және кәсіби мерекеміз – Білім күнінде Қазақстан Президенті алдағы оң өзгерістер туралы жариялағаны ерекше маңызды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры
Бибігүл Нүсіпжанова

Яндекс.Метрика