Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында болашақ балет әртістері үшін Алғашқы қоңырау соғылды

Қазақ ұлттық хореография академиясында 1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін Академиямен бірге білім жолына 32 бірінші сынып оқушысы келіп отыр. Осындай айтулы күн балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, ұстаздар үшін толқынысқа толы күн болды. Өйткені, бүгін балалар би өнерінің сиқырлы әлеміне алғашқы және маңызды қадам жасады.

Жас бишілерді алғашқы оқу күнімен Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, Ресей Федерациясының Халық әртісі, ҚР «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, РФ «Достық» орденінің кавалері Алтынай Асылмұратова құттықтап, сөз сөйледі.

«Осыдан 5 жыл бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған біздің бірегей оқу орнымыз өз есігін айқара ашты. Сендер  Академияның бес жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы атап өтілетін ерекше жылда оқуға келіп отырсыңдар. Бұл бәріміз үшін жақсы белгі болсын!

Бүгін Сендер үшін жаңа, өте қызықты және оқиғаға толы өмір басталады. Әлемдегі ең үлкен және заманауи балет мектептерінің бірі – Академияның табалдырығын аттағалы тұрсыңдар. Біздің мектепте тек оқуды, жазуды және санауды ғана үйреніп қоймай, сонымен қатар керемет ұстаздарымыздың арқасында балет өнерінің әлеміне енесіңдер. Мектеп екінші үйлерің болсын, оны және ұстаздарыңызды жақсы көріңдер.

Сендерге табыс тілеймін, ынталы, жауапты болыңдар, біздің мектепке таза және ашық жүрекпен келіңдер. Біз әрдайым жандарыңнан табылып,  көмектесеміз. Ақ жол, құрметті оқушылар! Сендерге табыс тілеймін!» – деді ректор Алтынай Асылмұратова.

Академиядағы білім алу орынжайларда барлық қауіпсіздік, дезинфекциялау және өңдеу шаралары сақталып, дәстүрлі форматта өтеді.

 

Яндекс.Метрика