Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар

2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған “Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар” атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың білімі мен ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерінің спектрін қорытындылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар қалыптастыру үшін алаң құру.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің ҚББҒЗ кешендері мен ғылыми-зерттеу инновациялық қолданбалы зертханаларының тақырыптарымен байланысты.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

1. Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы заманауи тәсілдер.
2. Шет тілінде білім берудің инновациялық-ақпараттық кеңістігінің өзекті мәселелері және Қазақстан мен ТМД елдерінің инновациялық-цифрлық дамуындағы ғылымның маңызы.
3. Қазіргі шет тілін оқыту: мәселелері мен болашағы.
4. Қазіргі әлемнің геосаяси процестері: тәуекелдер мен қиындықтар.
5. Шығыстанудың өзекті мәселелері: тіл білімі, аударматану, тарих, экономика, мәдениет, саясат.
6. Экономиканың, халықаралық және ұлттық құқықтың, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі тенденциялары.
7. Туризм индустриясының, қонақжайлылық пен сервистің дамуының теориясы мен тәжірибесінің өзекті аспектілері.
8. Көпмәдениетті және жаһанданушы әлемде қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарының трансформациясы.
9. Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен болашағы.

Конференцияға қатысу формасы: тікелей, сырттай.
Өтінімдер мен мақалаларды қабылдау мерзімі ¬– 2023 жылдың 28 сәуір дейін (UTC+6 бойынша 23:50).
Мақала конференцияның жауапты хатшысы – Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: tusupova.a@ablaikhan.kz
Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).
Жариялау құны – 3 500 теңге.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.
Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.
Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!
Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі.
Өтінімді, мақала материалдарын, төлем түбіртегі және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.

Ақпараттық хат_11032022

Яндекс.Метрика