Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рысқұлов оқулары-2023

Құрметті әріптестер!

Нархоз Университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында ағымдағы жылдың 11 және 12 мамырында The Regional Science Association International-мен бірлесіп, біз Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша «The 1st International Conference on Sustainable Regional Development in Central Asia » өткіземіз (Рысқұлов оқулары-2023).

RSAI – Regional Science Policy & Practice (RSPP) журналының баспагері – Scopus базасында Q2. Біздің келісіміміз бойынша, тезистері ауызша презентацияға қабылданған барлық қатысушыларға тезис негізінде жазылған мақаланы журналда жариялауға қарастыру ұсынылады. Барлық басқа жұмыстар конференцияның тезистер жинағында жарияланады.

Баяндамалардың тезистерін ұйымдастыру комитетінің поштасына conference2023@narxoz.kz немесе сайттағы форма арқылы жіберу қажет.

Рәсімдеу талаптары:

  • автор / авторлар туралы ақпарат 3 тілде
  • тезис көлемі 500 сөзден артық емес
  • әдебиеттер тізімі авторлардың қалауы бойынша (бірақ 5 дереккөзден көп емес)

Тіркелу –  сілтеме бойынша

Барлық сұрақтар бойынша – research@narxoz.kz

Бағдарлама хат қосымшасында (өзгерістер болуы мүмкін).

Барлық ақпаратты сайттан табуыға болады: https://kk.narxoz.kz/sustainable2023

Яндекс.Метрика