Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өзін және айналадағы әлемді оң қабылдауға арналған топтық сабақтар

2021 жылдың желтоқсанында Қазақ ұлттық хореография академиясында педагог-психолог Ибрагим М.Б. кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің студенттері үшін өзін және қоршаған әлемді позитивті қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған топтық сабақтар циклын өткізіді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау процестерін белсендіру, өзін және басқаларды позитивті қабылдау дағдысын қалыптастыру, өзін-өзі бағалауды арттыру.

 Сабақтар Арт-терапия және ертегі терапиясы әдістерін қолдану арқылы ойын форматында өтті. Студенттермен жұмыста бірлесіп істеу дағдыларын дамытуға бағытталған сурет салу ойыны «Көңілді сурет», басқа адамдардың өзара әрекеттестіктің әртүрлі жағдайларында нені сезінетіндерін жақсы түсінуге көмектесетін «Сиқырлы орман» жаттығуы сияқты әдістер қолданылды. Бұл әдістер басқаларға жағымды, толерантты көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.

Кері байланыс ретінде педагог-психолог студенттерге өзін-өзі бағалауды және қоршаған шындықты оң қабылдауды дамыту бойынша ұсыныстар берді.

Яндекс.Метрика