Қабылдау комиссияларының байланыстары

2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енген білім беру бағдарламаларына талдау

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі 2020 жылғы 30 қазанда Академияда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеуші жұмыс тобы мүшелерімен 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламалары тізіліміне енген білім беру бағдарламаларына талдау жасау мақсатында кеңес өткізді. Кеңесте Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Ж. Есенбекова 2020-2021 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енген 6В02107 – Өнертану, 6В02108 – Хореография, 6В02109 – Хореография өнерінің педагогикасы, 7М02106 – Арт-менеджмент, 7М02107 –  Өнертану, 7М02108 – Хореография, 8D02107 – Өнертану,  8D02108 – Хореография  білім беру бағдарламаларына талдау жасай келе, аталған бағдарламаларға енген пәндер мен оқыту нәтижесі арасындағы сәйкестікке тәуелсіз сарапшылар тарапынан берілген ескертпелерге тоқталды. Алдағы уақыттарда білім беру бағдарламаларын әзірлеуде мұндай кемшін тұстарды болдырмау туралы кеңес берілді.  Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында жанама кәсіби стандарттарды да басшылыққа алудың тиімді жолдарымен таныстырды.

Кеңесте 2021-2022 оқу жылына арналған жаңа және жаңартылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты мәселелер де талқыланып, жұмыс тобы мүшелеріне нақты әдістемелік  бағыт-бағдарлар берілді.

Яндекс.Метрика