Қабылдау комиссияларының байланыстары

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»

Қазақ ұлттық хореография академиясында Наурыз мейрамын мерекелеу онкүндігі жалғасуда. Бүгін, 21 Наурыз – «Ұлттық тағамдар күні».

Мерекеге орай Академия тәрбиеленушілеріне түрлі халықтардың керемет дәстүрлері туралы айтылды, қазақ, орыс және өзбек тағамдары ұсынылды. Балалар бас аспаз дайындаған бешбармақ, бауырсақ, палау, тұшпара және дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татты. Ежелгі заманнан бері Наурызды тойлауда берекелі дастарханға үлкен мән берілген. Халық Наурыз мейрамында дастархан тағамдарға толы болса, жыл бойы соғұрлым сәтті және қауіпсіз болады деп санаған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі күн мен түннің теңесуі күніне арналған мерекелік іс-шаралар еліміздің кейбір өңірлерінде дәстүрлі түрде мереке ретінде атап өтілетін 14 наурызда басталды.  Сондай-ақ, Академия қабырғасында «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Шымырлық пен шеберлік күні», «Зияткерлік күні» мерекелері атап өтілді.

Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын 10 күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Яндекс.Метрика