Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында көктемнің басты мерекесі-Наурыз мейрамына арналған онлайн-концерт өтті. Мерекелік іс-шараға кәсіптік білім беру мектеп-колледжі мен хореография факультетінің білім алушылары қатысты.

Концерттік бағдарламада Академия оқытушыларының қойылымындағы халық репертуарының нөмірлері ұсынылды – «Балбалапан», А.Тәтидің хореографиясы, «Жетісуым», А. Садықованың хореографиясы, «Керім-ай», А. Шәмшиевтің хореографиясы, «Шығыстық Жуань», Г. Саитованың хореографиясы, сондай-ақ «Тамыр» және «Аққулар», А. Садықованың хореографиясы. Сахнада хореография факультетінің студенттері Ғұмар Сұлтанбек пен Іңкәр Айдарханқызы, сондай-ақ жоғары курс, колледж студенттері мен төменгі сынып оқушылары өнер көрсетті.

Іс-шара Академияның YouTube-арнасында көрсетілді.

Сонымен қатар, Академия интернатында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, «Қош келдің, Әз Наурыз!» концерті өтті. Бұл күні тәрбиешілер дәстүрлі мерекелік тағам – Наурыз көже дайындады. Кеште халық әндері орындалып, өлеңдер оқылды, дастархан басында ең жарқын және ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер «Асық ату» және «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнады.

Наурыз мейрамы – бұл көктемнің басталуын, жаңаруды және жаңа үміттердің пайда болуын білдіретін ерекше күн. Қазақ ұлттық хореография академиясы сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз! Бұл жарқын мереке өзімен үйлесімділік пен келісім әкелсін! Сіздерге және жақындарыңызға бақыт, амандық және береке әкелсін!

Яндекс.Метрика