Қабылдау комиссияларының байланыстары

23 наурыз – «Жоралғы күні»

Бүгін – «Жоралғы күні» Наурыз мейрамының соңғы күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда енгізілген жаңа тұжырымдамаға сәйкес, бұл күн аға буынды құрметтеуге арналады. 

Мереке аясында Академия тәрбиеленушілері аталары, әжелері, үлкен туыстары үшін бейнеқұттықтаулар дайындап, оларға өздерінің сүйіспеншілігі мен құрметін білдірді. Көктемнің жарқын мерекесінде балалар ең жылы лебіздерін, сүйіспеншілік, қолдау, қамқорлық және олардың тәрбиесіне қатысқаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Үлкендерді құрметтеу кез-келген қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ересектерге құрмет көрсету арқылы ұрпақтан-ұрпаққа халықтың салт-дәстүрлері, сондай-ақ ата-аналарға құрмет, аға туыстарына қамқорлық, қарт адамдарға қамқорлықпен қарау сияқты құндылықтар беріледі. Жастардың тәрбиесі-дені сау ұлттың көрсеткіші, өйткені болашақ өткеннің берік іргетасына сүйенеді.

Айта кететін жайт, Қазақ ұлттық хореография академиясында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар 10 күнге созылды. Мереке 14 наурызда «Көрісу күнінен» басталды, одан кейін Академия қабырғасында «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Шымырлық пен шеберлік күні», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар күні», «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы күні» мерекелері өтті.

Яндекс.Метрика