Қабылдау комиссияларының байланыстары

20 наурыз – «Зияткерлік күні»

Қазақ ұлттық хореография академиясында білімалушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында Наурыз мерекесіне арналған «Болашаққа біліммен» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шара Зияткерлік күнін мерекелеу аясында өткізілді.

«Бәйге», «Кім тапқыр?», «Жанкүйерлер ойыны», «Кроссворд», «Блум кубы» кезеңдерінен тұратын сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Сайыс барысында қатысушылар мен жанкүйерлер грамматика, әдебиет, математика, физика, география, тарих және биология пәндерінен қойылған сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беріп, білімдерін көрсетті.

Іс шараны ұйымдастырушылар: тарих пәні мұғалімі Жанузакова Г.Е., қазақ тілі және әдебиет пәндері мұғалімі Жумакулова М.К., математика пәні мұғалімі Махадилова К.М.

Яндекс.Метрика