Қабылдау комиссияларының байланыстары

2021 Жас ғалымдар Халықаралық Конференциясы 26-28 мамыр

2021 Жас ғалымдар Халықаралық Конференциясы 26-28 мамыр
Сулейман Демирель атындағы Университет
Қаскелен қ., Абылай хан к-сі, 1/1, Қaзахстан Республикасы

Қатысушылар: барлық ғылым бағыттары бойынша жас ғалымдар (магистранттар, PhD студенттері және PhD+5 жыл).
Мақсаты: жас ғалымдардың зерттеу біліктіліктері, тәжірибелері, жаңа идеяларымен өзара алмасу, шетелдік және отандық ғалымдардың семинар-тренингтеріне қатысу.
Сипаттама: Жас ғалымдар халықаралық конференциясы – Сүлейман Демирель атындағы Университеті ұйымдастырып отырған халықаралық мультидисциплинарлы іс-шара
болып табылады.
Жас ғалымдардың халықаралық конференциясына кез келген жас зерттеуші немесе ғалым өзінің жарияланған немесе зерттеу үрдісіндегі ғылыми мақаласын немесе идеяларын ұсынуға ниет білдіре алады. Конференция жұмысы барысында қатысушылардың презентациялары және ғылыми талқылауларымен қатар, тәжірибелі ғалымдардың тренингтері мен пленарлық отырыстар ұйымдастырылады. Іс-шара шеңберінде «Үздік жас ғалым» (Best Young Scientist Awards) байқауы өтеді және сертификаттар беріледі.
Өткізілу орны: Сулейман Демирель атындағы университеті, 040900, Қаскелең қ., Абылай хан көшесі, 1/1.

Қызметтік хат 2021

Яндекс.Метрика