Қабылдау комиссияларының байланыстары

18 наурыз – «Игі істер күні»

Наурыз – жаңару мен халық бірлігінің мейрамы. Биыл Наурызды тойлау 10 күнге созылады және «Қайырымды істер» ұранымен өтеді – еріктілер мен елорданың белсенді тұрғындары оған мұқтаж жандарға көмек көрсете отырып, көптеген акциялар, игі істер өткізеді.

18 наурызда «Игі істер күні» Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы қазіргі уақытта қаржылық қолдауды қажет ететін жақын адамына көмек қолын созу үшін бірікті. Бүгін аспаздық өнімдердің қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қызметкерлер дәмді тағамдар мен кондитер өнімдерін дайындап, сатылымға шығарды, ал түскен қаражат инженерлік-техникалық бөлімнің слесарь-электригі Ербосын Утешовқа материалдық көмек көрсетуге берілді. Оның қызына қымбат ем қажет (диагнозы: орташа клиникалық декомпенсация сатысында адамантинозды краниофарингиома. Субкомпенсация сатысындағы қайталама ішкі окклюзиялық бивентрикулярлық гидроцефалия).

Академия ұжымына мейірімділік танытып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз және Ербосын Утешовтың қызының тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Яндекс.Метрика