Қабылдау комиссияларының байланыстары

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

Бүгін, 17 наурызда Академияда тарих күніне орайластырылған іс-шаралар  өтуде. Бұл күн Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа он күндік тұжырымдамасына сәйкес қазақ халқының шығу тегі мен өткенін зерттеуге арналған.

Академия кітапханасы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен «Алаш» партиясының жетекшілерін еске алуға бағытталған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Әлихан Бөкейхановтың және т.б. өмір тарихымен танысуға және қайғылы өткен күндерден сабақ алуға мүмкіндік алды. Біздің тарихымыздағы осындай қайғылы оқиғалар жас ұрпақты Отанды сүюге, өз елінің адал патриоттары болуға және қазіргі әлемнің мүмкіндіктерін бағалауға үйретеді.

Көрме үш бөлімнен тұрады: «Алаш арыстарының асыл мұрасы», «Ашаршылық ақиқаты», «Желтоқсан жаңғырығы».

Көрмеде отызыншы жылдардағы Қазақстан халқына орны толмас қайғы-қасірет, шығын, аштық пен өлім әкелген тарих туралы баяндайтын кітаптар ұсынылды. Сондай-ақ, көрме қатысушыларына 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының хроникасы туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, тарих күні аясында 5 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсиямен барып, сақтардың мәдени мұрасымен танысты: сақталған артефактілерді, киім-кешектерді және басқа да материалдарды өз көздерімен көрді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын он күн бойы мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын. Қазақ ұлттық хореография академиясында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар 14 наурызда «Көрісу күні» мерекесінен басталды, содан кейін Академия қабырғасында «Жайлау күні» және «Шежіре күні» мерекелері өтті.

Яндекс.Метрика