Қабылдау комиссияларының байланыстары

16 наурыз – «Шежіре күні»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаев осы жылдың 5 қаңтарында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын және соған орай Наурыз мерекесін ерекше атап өту мақсатында арнаулы тұжырымдама (концепция)  жасауға тапсырма берген еді.  Сол концепция бойынша Наурыз мерекесін тойлау 14 наурыздан басталып 25-не дейін жалғасатыны айтылған: 14 наурыз – Көрісу күні, 15 наурыз – Жайлау күні, 16 наурыз – Шежіре күні.

Елбасы  Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»,- деп атап көрсетті. Ұлттық код, ұлттық мәдениет әр халықтың тарихы мен шежіресінен басталады. Мына жаһандану кезеңінде әр халық, ұлт  өз тарихы мен шежіресін білмесе, тарих сахынанысынан жойылып кетеді. Сондықтан кез келген адам, ұлт, халық өзінің шежіресін, яғни шыққан тегін білуге тиісті.  

«Өнер» және «Хореография» факультетінің 1-2 курс студенттерінің қатынасуымен «Жеті ата – Елтанудың» бастауы  атты  әдеби – музыкалық кеш өткізіледі. Студенттер «Қазақ халқының шежіресі және  Жеті Атасы  туралы», «Ұлы жүздің рулық құрамы жайлы», «Орта жүздің тарихы», «Кіші жүздің құрамы, орналасқан жері», «Төле би», «Қаз дауысты Қазбек», «Әйтеке бидің  өмірі мен шешендігі жайлы» тақырыптарында баяндама жасап, «Қобыз, ұрмалы  және домбыра музыкалық аспаптарының қазақ биінің дамуындағы орны» атты баяндама бейнеролик көрсетті.

Айта кетейік, ертең наурыздың 17-і күні Қазақстанда «Тарихқа тағзым күні» аталып өтеді.

Яндекс.Метрика