Қабылдау комиссияларының байланыстары

4th ASEF Young Leaders Summit

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша Камбоджа Корольдігінің Үкіметі «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 13-ші Саммиті шеңберінде АСЕМ жас көшбасшыларының 4-ші Саммитін ұйымдастырады (ақпарат қосымшада).

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDG3 – денсаулық пен әл-ауқат, SDG4 – сапалы білім, SDG8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, SDG13 – климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шаралары) назар аудара отырып, COVID-19-дан кейінгі әлемдегі тұрақты дамуға бағытталған. Саммит үш кезеңнен тұратын 10 айлық жастар көшбасшылығы бағдарламасы болып табылады:

  1. Білімді қалыптастыру: 2021 ж. 22 ақпан – 28 мамыр.
  2. АСЕМ 13-ші Саммитіндегі Жастар Саммиті: 2021 ж. 29 мамыр – 2 маусым.
  3. Іс-әрекеттегі көшбасшылық: 2021 ж. маусым – қараша.

АСЕМ Хатшылығының ақпаратына сәйкес, Саммитке өтінімдер байқауы ү.ж. 3 ақпанға дейін келесі сілтеме бойынша http://bit.ly/ASEFYLS4_ASEM ашық болады.

Іс-шараның өзектілігін ескере отырып, еліміздің студенттері мен жас мамандардың қатысуын қамтамасыз етуін жөн деп санаймыз.

ASEFYLS4+FAQ012016590926012021104611
ASEFYLS4+Overview012016590826012021104612
Knowledge+Building012016591126012021104612
Leadership+in+Action012016591326012021104612

Яндекс.Метрика