Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Абай – халық данасы» атты Республикалық байқауының нәтижесі жарияланды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлық шығарды.

Өз кезегінде «Белес» өнер орталығы 16 қараша мен 20 желтоқсан аралығында Президентіміздің бастамасын қолдап, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – халық данасы» атты Республикалық өнер байқауын ұйымдастырды.

Байқауды өткізудің мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, сөздік қорын дамыту, Абай шығармашылығын насихаттау.

Осы аталған байқауға Қазақ ұлттық хореография академиясының 2 «а» сынып оқушылары белсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Хамит Сая  жүлделі ІІІ орын иеленіп, арнайы Алғыс хат және төс белгімен марапатталды.

Ал Бишімбаева Рания белсенді қатысқаны үшін арнайы Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, сынып жетекшісі Кимпейсова Лязат Бекеновна шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат және төс белгімен марапатталды.

Яндекс.Метрика