АХМЕТ ЯСАУИДЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА ДЕЙІН: ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
2022 жылы 29 сәуір Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «АХМЕТ ЯСАУИДЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА ДЕЙІН: ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ» атты (офлайн-онлайн форматта) халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Конференция қазақ халқының ақыны, ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылып отыр.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Ахмет Ясауиден Ахмет Байтұрсынұлына дейін: түркі тілдерінің дамуы
- Ахмет Байтұрсынұлының түркологияға қосқан үлесі
- Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіндегі орны
- Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш идеясы
Конференция өткізу күні: 29 сәуір, 2022 жыл. Баяндамалар 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін электронды түрде ұсынылуы керек.