Қабылдау комиссияларының байланыстары

Science Café «Көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылығындағы балет»

16 қарашада Science Café-де көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылығындағы балет туралы әңгіме өтті, спикер ретінде «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-ші оқу жылының докторанты Тани Айсұлу сөз сөйледі.

Талқылау барысында Тани Айсұлу өз тәжірибесімен бөлісті және тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласына арналған «Танцующий город в Степи» атты бір актілі балетті ұсынды (премьерасы 10.04.2018 ж.), оның өзі композитор және либретто авторы болып табылады. Балетке Степногорск қаласының шығармашылық ұжымдарының 100-ден астам өкілі қатысты. Жас балериналар мен бишілер Елорданың тарихы мен сұлулығын көрсетуге тырысты. Композитор өз кезегінде режиссердің, хореографтардың және музыканттардың өзара іс-қимылын ұйымдастыра алды.

Яндекс.Метрика