Қабылдау комиссияларының байланыстары

“Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері” атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 17-18 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған “Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері” атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

1. Біліктілік моделінің лингвомәдени әдістеме негізінде қазіргі шет тілінде білім беру парадигмасы.
2. Шет тілінде білім беру және кәсіби-коммуникативтік қарым-қатынас.
3. Өзгеріп жатқан әлемдік тәртіп жағдайындағы қазіргі әлемнің сын-қатерлері мен қауіптері, жаңа көзқарас іздеу.
4. Филология мен лингвистиканың өзекті мәселелері, әлем халықтары саласындағы зерттеулер.
5. Цифрлық әлемдегі білім беру өзгерістері.
6. Монополиясыздандыру жағдайында туризм менеджменті мен халықаралық коммуникацияларды дамыту өзгерістері.
7. Экономика мен халықаралық құқықтың заманауи үдерістері және өзекті үрдістері.

ХҒПК жұмысына қатысу үшін ЖОО мен колледждер оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Конференцияға қатысу формасы:
Күндізгі: 108 аудитория 1 оқыу корпусы
Сырттай: IX МНПК “Актуальные проблемы науки и образования”
Четверг, 17 ноября · 9:00AM–2:00PM
Контактная информация для встречи в Google Meet
Ссылка: https://meet.google.com/ast-cfnd-iuo
Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі – 2022 жылдың 30 қарашасына дейін (UTC+6 бойынша 23: 50).
Мақалалар конференцияның жауапты хатшысы Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: tusupova.a@ablaikhan.kz
Тел: +7 727 292 03 84 (ішкі.2418). + 7 7 701 577 22 39.
Жариялау құны – 3500 теңге; докторанттар, магистранттар мен студенттер үшін – 2500 теңге.
Жинақ университет сайтында шығады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Яндекс.Метрика