Қабылдау комиссияларының байланыстары

Атақты кларнетист Дарко Брлек Хореография академиясына келді

Бейсенбі, 17 қараша күні Қазақ ұлттық хореография академиясына Словения танымал кларнетисі Дарко Брлек келді. Музыкант Астанаға «Музыкалық контрасттар кеші» концертінде өнер көрсету үшін келген.

Брлек академияның балет залдарында өткізіліп жатқан сабақтарға кіріп, сондай-ақ оқу театры, кітапхана, тұрғын үй блогі, медициналық және спорт блоктарын көріп танысты.

Дарко Брлек – Любляна фестивалінің бас директоры және көркемдік жетекшісі. Ол өнердегі жетістіктері үшін Беттет сыйлығының және өнер мен мәдениеттегі көрнекті шығармашылық жетістіктері үшін Любляна қаласы беретін ең жоғары марапат – Жупанчич сыйлығының иегері. Кларнетист Еуропаның, АҚШ-тың, Азияның және Оңтүстік Американың әйгілі концерттік алаңдарында өнер көрсетеді.

Яндекс.Метрика