Қабылдау комиссияларының байланыстары

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде өткен фортепиано бойынша I конкурстың қорытындысы

Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығына арналған «Хореография өнері» мамандығының білім алушылары арасында фортепиано бойынша I конкурсқа қатысты. Іс-шараны А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырды. Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

1-топ: «Балет әртісі» біліктілігінің 1-5 сынып оқушылары»

2 топ: «Би ансамблінің әртісі» біліктілігінің 1-2 курс оқушылары.

Байқау шарты бойынша өнер көрсету бағдарламасында екі шығарма болды: би жанрының пьесасы және қазақстандық композитордың пьесасы.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

Төлеухан Аяжан (төменгі сынып) – 2-орын. Педагог Байбосын А.Қ.

Шарафиев Арыстан (жоғары сынып) – 1-орын. Педагог Кадырова Ж.Ж.

Мухтарова Сабина (жоғары сынып) – 1-орын. Педагог Бикенова А.С.

Шкибаева Камила (курс) – Гран-при. Педагог Бикенова А.С.

Сондай-ақ, Қазақстандық композитордың шығармаларын үздік орындағаны үшін грамоталар табыс етілді:

Мұхтарова Сабина мен Шибаева Камила. Педагог Бикенова А. С.

Байқауға қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен, ал педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.

Жас әртістерді жетістіктерімен құттықтаймыз және үлкен шығармашылық табыс тілейміз!

 

Яндекс.Метрика