Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия басшылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына орай мерейтойлық медальдармен марапатталды

Мереке қарсаңында Конституцияның 25-жылдығына арналған Мерейтойлық медальмен Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Асылмуратова Алтынай Абдуахимовна мен ғылыми жұмыс стратегиялық даму жөніндегі директоры Толысбаева Жанна Женисовна марапатталды.

Марапат Академия басшылығына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тапсырылды.

Бұл медаль Конституцияның ұлықтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында Президент Жарлығымен тағайындалған.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы медаль иегерлерін шын жүректен құттықтайды және олардың жетістіктерін мақтан тұтады!

Яндекс.Метрика