Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушысы Жапонияда шеберлік сабақтарын өткізуде

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы Гүлнәр Әлиева Sophia Ballet Academy балет мектебі шақыруымен Токиода классикалық биден шеберлік сабақтарын жүргізіп жатыр.

Оқытушының  шеберлік сыныптары сериясы аталмыш балет мектебінің кіші, орта және жоғары сынып оқушылары арасында бір апта бойы өтетін болады. Сонымен қатар Әлиева 2022-2023 оқу жылына Қазақ ұлттық хореография академиясына түсу үшін студенттерді алдын ала іріктеуден өткізеді.

Гүлнәр Әлиева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi, оқытушы, Академияның концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің жетекшісі.

Яндекс.Метрика