Қабылдау комиссияларының байланыстары

ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-20: МҰХТАР ӘУЕЗОВ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Елі: Қазақстан Республикасы
Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.
Өткізу уақыты: 21-22 сәуір 2022 ж.
Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, сағ.10.00, 340 ауд.
онлайн және офлайн режімінде.
Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Әуезов оқулары» конференциясы 2002 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді және конференция еңбектерінің жинағы РИНЦ халықаралық дәйексөз базасына кіреді. Бұл іс-шара «Ғылым, бизнес және үкімет» буындарын байланыстыратын ірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-20: МҰХТАР ӘУЕЗОВ МҰРАСЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» М.О. Әуезовтің 125-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы ғылыми-ақпараттық платформасы болып табылады, барлық ғалым-зерттеушілер Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында қойылған міндеттер бойынша онлайн және офлайн-пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді және шетел ғалымдарының қатысуымен пікірсайыс алаңына айналады. Біздің ынтымақтастығымыздың басты нәтижесі Қазақстанда жаңа білім базасын құру және әлемдік ғалымдардың қатысуымен бүкіл Орталық Азия үшін тұрақты ғылыми іс-әрекеттерді қалыптастыру болып табылады.
Конференция аясында «Мен келмеске кетермін» немесе «М.Әуезовтің Абай ұрпақтарына ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел, М.Әуезов атындағы мемориалдық-мұражай үйінің директоры Дияр Қонаевпен әдеби-танымдық сұхбат ұйымдастыру және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ұлы жазушының қаламынан туған еңбектері негізінде көрме ұйымдастырылады, сонымен қатар экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұрашева Күлянда Күлбосынқызының туғанына 75 жыл толуына орай, жоғары оқу орнында кафедра ассистентінен бастап, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылым және даму жөніндегі проректорына дейінгі жүріп өткен жолына арналған: «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция: қазіргі заманғы проблемалар, тәуекелдер және болашақтың модельдері» атты дөңгелек үстел өтеді.

ӘУЭЗОВ ОҚУЛАРЫ -20 Ақпараттық хат 2022ж.

Яндекс.Метрика