Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия педагогтары актерлік өнер және режиссура мәселелері бойынша ашық сабақ өткізді

2022 жылдың 10 қарашасында өнер факультетінің оқытушылары Гүлнара Саитова мен Болат Әбдірахманов өнертану мамандығының 1 курс студенттерімен «Актерлік өнер және режиссура мәселелері» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге практикалық білім беру, сонымен қатар өнертанудағы теориялық талдау үшін сахналық процесті түсіну.

Сабақ барысында комиссия назарына Н. Гогольдің «Ревизор» комедиясынан эпизод ұсынылды. Бұл эпизодтағы рөлдерді студенттер Гүлнұр Имантай, Аида Серік және Нұркелді Аманжол орындады. Қоюшы – Академия педагогы Болат Әбдірахманов. Сонымен студенттер іс жүзінде сабақтың тақырыбымен – «Қоюшы режиссер мен актердің шығармашылық одағы» тақырыбымен танысты.

Сабақ аяқталғаннан кейін комиссия оң баға және түсіндірмелер берді.

Яндекс.Метрика