Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия педагогы «Алтын Томирис» сыйлығымен марапатталды

Қазақ ұлттық хореография академиясының режиссура кафедрасының доценті Флюра Борисовна Мусина «Алтын Томирис» журналистер сыйлығымен марапатталды. Құрметті марапатты еліміздің мәдениеті мен өнерін көрсетуге қосқан үлесі үшін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыс етті.

Салтанатты рәсім бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуге орай «Астана Опера» театрында өтті. Лауреаттарға статуэтка бірге құрмет грамоталары мен «Қазақ операсының аңыздары» естелік кітаптары табыс етілді.

«Құрмет» орденінің кавалері, балет сыншысы, «Abai TV» телеарнасындағы «ПроТанец» бағдарламасының жүргізушісі Флюра Борисовна Мусина ұлттық телеарналардың эфирінен шыққан театр, музыка және хореография өнері бойынша 500-ден астам бағдарламалардың авторы.

Флюра Борисовнаның қоржынында 15-ке жуық деректі фильм, 50 жарияланым, оқу құралы, бірнеше ұжымдық монография, ғылыми журналдардағы көптеген мақалалар бар. Оның барлық еңбектері отандық өнерді насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, осы жылы Флюра Мусина Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратованың 60 жылдығына арналған өмірбаян кітабының авторы болды.

Құрметті Флюра Борисовнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз және сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Яндекс.Метрика